Басты бетке8 800 550 16 91қоңырау тегін

WARPOINT жаңалықтары

WARPOINT ARENA-дағы «Қирандылар» картасының графикасы жаңартылды

Картаның жаңа нұсқасы бастапқы келбетін сақтап, әлі де ескі ғимараттардың тар қирандылары түрінде көрінеді, бірақ енді бұрынғыдан да егжей-тегжейлі

  • 2 мин оқу
WARPOINT ARENA-дағы «Қирандылар» картасының графикасы жаңарды

WARPOINT ARENA-да «Қирандылар» картасының графикасына ауқымды жаңарту шықты. Неғұрлым шынайы әрі тартымды атмосфера жасау үшін ойын ортасының барлық элементі қайта жасалды.

Картаның жаңа нұсқасы бастапқы бейнесін сақтап қалды әрі бұрынғыдай ескі ғимараттардың тар қирандысы түрінде көрінеді, бірақ енді әлдеқайда егжей-тегжейлі.
«Қирандылар» картасы ойыншыларды жақындағы шайқас іздері әлі уақыт құмына сіңбеген шөл далаға апарады. Бір кездері жергілікті тұрғындармен қайнаған бұл өлке енді қираған үйлердің, тасталған әскери техника мен қару жәшіктерінің шашыраңқы көшелер мен өркениет қалдықтары арасында ұмытылып қалған ерекше тоғысуына айналған.

Қабырғалардың, сынған жәшіктер мен өзге де нысандардың молдығы «Қирандыларды» орта және жақын қашықтықтағы шайқасқа таптырмас карта етеді, ойын процесіне динамика мен әралуандық қосады.
Сонымен бірге жаңартылған «Қирандыларға» WARPOINT брендінің элементтері қосылды, бұл картаны танымалырақ етеді.

Жаңартылған карта оны эксклюзивті түрде сатып алған WARPOINT VR-аренасында қолжетімді.

Бұған дейін WARPOINT ARENA-да «Тұңғиық» картасы жаңартылған.